Сапар үшін чек алу

Сапар аяқталған кезде сіз төмендегілерді ала аласыз:
  • Есеп
  • Төлем туралы түбіртек
  • Электрондық чек

Сапарлар бойынша есептерді әрдайым алып отыру үшін қолданбаға өз поштаңызды қосыңыз. Сізге сілтемесі бар хат келеді, сол сілтеме арқылы өтіп, есепті алуға жазылуды растау қажет. Енді олар әрбір сапардан кейін автоматты түрде келетін болады.

Төлем туралы түбіртекті жүргізуші сіздің талабыңыз бойынша береді. Егер сапар аяқталып, ал сіз түбіртекті алмаған болсаңыз, оны таксопарктен сұрата аласыз.

Ал сапарды банк картасымен төлеген болсаңыз, сіз электрондық чек ала аласыз. Оны тексеру үшін, сапарлар тарихына кіріп, қажетті тапсырысты таңдап, оның бағасына басыңыз.

Чек жеткізілетін сілтемелер пуш-хабарламалар арқылы да келеді. Сондықтан өз телефоныңыздың баптауларында оларды көрсетуге рұқсат берілгендігіне көз жеткізіңіз. Бұл опция iPhone және iPad құрылғыларында дұрыс істеуі үшін операциялық жүйені соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.