Сапарға тапсырыс беру
- Машинаны жөнелту мекенжайын енгізіңіз. Егер қажетті мекенжай әдепкі түрде көрсетіліп тұрса, Қайда пернесін басыңыз.
Басқа мекенжайды таңдау үшін Мекенжайды өзгерту пернесін басыңыз немесе картадағы нүктені жылжытыңыз.
- Межелі орынды көрсетіңіз, сол кезде сапар үшін алдын ала құны есептеледі.
Сіз 3 аралық нүктеге дейін қоса аласыз (
пернесін басыңыз). Аралық мекенжайлары көрсетілген бағдарды тек тапсырысты ресімдеу кезінде ғана өзгертуге болады.
- Тариф пен төлем тәсілін таңдаңыз.
Тапсырыс ресімделгеннен кейін сіз қолма-қол ақшамен төлеу тәсілін төлем картасымен төлеуге өзгерте аласыз. Егер қолданбаға бірнеше төлем картасы тіркелген болса, олардың кез келгенін таңдауға болады. Ол үшін экранның төменгі бөлігіндегі
пернесін басыңыз - Сіз қосымша ақпаратты қоса аласыз.
Баламен барғыңыз келеді, алайда сіздің өңірде балаларға арналған тариф әлі жоқ па — ол туралы тапсырысты ресімдеу кезінде түсініктеме қалдырыңыз. Сондай-ақ, сіз жүргізушіге қоңырау шалып, онда балаларға арналған креслоның бар-жоқтығын нақтылап білуге болады.
Кресло өзіңізде болса, сіз кез келген тарифті таңдай аласыз — машинаға тапсырыс беру кезінде ол туралы жүргізушіге ескертуді ұмытып кетпеңіз.
Егер үй жануарымен немесе үлкен жүкпен баратын болсаңыз, ол туралы жүргізушіге алдын ала ескертіңіз.
Растау пернесін басыңыз.
Сапардан кейін жүргізушіге баға қойыңыз. Жүргізушінің сервистен әрі қарай тапсырыс алу мүмкіндігі рейтингке тәуелді.
Сапардан бас тарту үшін, экранның төменгі бөлігіндегі
пернесін басыңыз.Сондай-ақ, сервис серіктестеріне қоңырау шалу арқылы тапсырыстан бас тартуға болады. Телефон нөмірін сапар мәзірінен алуға болады (
).Автокөлік жөнелтілгеннен кейін тапсырыстан бас тарту ақылы болатындығына назар аударыңыз.